RSS лента

Атырауда тұтас халық болып екі күн іздеген бала табылды

  • 22.05.2020, 11:31,
  • 2 407
  • 0
  • Автор:

Өкінішке орай, Атырауда жоғалған 1,5 жасар бала өлі табылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, баланың денесі үйдің маңындағы септиктен табылып отыр. Ал, бұған дейін баланың анасы мен туыстары сол септиктен бастап үйдің айналасын түгел тінтідік деді емес пе? Демек, жіті қаралмаған болып тұр ғой. Бірақ, ажал жетсе, адамның жасы мен басқа да белгілеріне қарамайтынын аңғартса керек.

Тағы бір өкініштісі, ананың балаға деген немқұрайлы қатынасы мен көзқарасы атыраулық тұрғындарды ашындырып отыр. Амал не, болар іс болды, бояуы сіңді. Енді тек осындай қайғылы жағдайдан ащы сабақ ала білсек болғаны.

Еске сала кетелік, кеше Атыраудағы Жұлдыз ықшамауданындағы №10 көше, 57 үйден Әли есімді бүлдіршін жоғалып кеткен еді. Бала 20 мамыр күні сағат 13.30-да шыққан күйі оралмады. Сәбиді іздеуге 600-ге жуық еріктілер, Ұлттық ұлан гвардиясының 50 әскері, 100-ден астам полиция қызметкерлері​ жұмылдырылған болатын.​

Мұндай жағдайлар мұнайлы мекенде бұған дейін де бірнеше рет орын алған. Осы орайда, мамандар тұрғындарға балаларын бақылаусыз қалдырмауға шақыруда.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости