“1,5 жастағы сәбиді іздеуге бүгін сағат 06.30 бастап көмекке келген 400-ге жуық еріктілер, Ұлттық ұлан гвардиясының 50 әскері, 100-ден астам полиция қызметкерлері Атыраудағы Жұлдыз ықшамауданындағы 51 көшені жан-жақты тексеруге жұмылдырылды.
Бұдан басқа, полиция қызметкерлерімен жедел оперативті жұмыстар жалғасуда”, - деп нақтылады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз-хатшысы Гүлназира Мұхтарова.
Бұдан бөлек, Төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері, 4 техника және екі қызметтік ит жұмылдырылды.
Кешеден бері полиция департаменті іздеу жұмыстарына үш дронды пайдалануда.
Оқиғаға қатысты бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов фейсбук парақшасында пост жариялап, іздеу жұмыстарына атыраулықтарды көбірек жұмылуға шақырды.