Бір жастан асқан сәбиді іздеуге тікелей қатысып жатқан волонтерлар бүлдіршінді қарамаған жердің қалмағанын айтады.
“Біздің ойымызша бұл жерде қылмыс бар. Егер, баланы ұстап отырсаңыз, бізге хабар беріңіз. Анасы ешқандай талап қоймайтынын айтуда. Баланың орнласқан жері туралы мәліметті жеткізуіңізді сұраймыз. Адам болайық”, - деді атыраулық ерікті Олжас Сұлтанов.
Еске сала кетелік, кеше Атыраудағы Жұлдыз ықшамауданындағы №10 көше, 57 үйден Әли есімді бүлдіршін жоғалып кетті.
Сәбиді іздеуге 600-ге жуық еріктілер, Ұлттық ұлан гвардиясының 50 әскері, 100-ден астам полиция қызметкерлері жұмылдырылды.
Қандайма бір ақпарат белгілі болған жағдайда 102 номеріне хабарласу сұралады.