RSS лента

Полицейлер қайтыс болған жол-көлік оқиғасы орнынан бейнекадрлар жарияланды

  • 25.05.2020, 17:41,
  • 1 817
  • 0
  • Автор:

Әлеуметтік желіде Алматыдағы блокпостта орын алған оқиға орнынан бейнекадрлар пайда болды, деп хабарлайды Turantimes.kz.

Бұл кадрлар «ztb_kz» Instagram-парақшасында жарияланған.


View this post on Instagram

Появились первые кадры с ДТП на блокпосту в Алматы: погибли два полицейских ⠀ Напомним, сегодня около 05.30 утра в поселке Коксай, Карасайского района, Алматинской области водитель наехал на бетонное ограждение блокпоста, а затем в патрульную автомашину, в которой находились стражи порядка. Водитель находился в состоянии алкогольного опьянения. ⠀ В результате ДТП 42-летний патрульный Жалгас Жангазиев скончался на месте. У него остались две дочери. ⠀ Второй полицейский - сержант полиции Абдыканов Дастан Маратжанулы, 1994 года рождения, умер в больнице. У него остался ребенок, которому всего лишь месяц от роду.

A post shared by ZTB QAZAQSTAN (@ztb_kz) on


Еске сала кетейік, бүгін, 25 мамыр, таңертеңгі сағат 05:26-да 29 жасар BMW көлігінің жүргізушісі мас күйінде Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай шағынауданында №4 блокпостты басып өтті: алдымен ол бетон қоршауына соғылып, кейін инерция күшімен ішінде екі полиция қызметкері отырған патрульді көлікке соқтығысқан. Нәтижесінде, полицейлер ажал құшты.

42 жастағы патрульдік полиция қызметкері Жалғас Жанғазев өте ауыр жарақат салдарынан «жедел жәрдем» келгенге дейін жан тапсырды.

Жанғазиев – Батыс Қазақстан тумасы. Ішкі істер органдарында 2001 жылдан бері қызмет етіп келеді. Үйленген, екі қыз тәрбиелеп келген. ​

Екінші полицей – 1994 жылы туылған ​ Дастан Абдыканов өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Алайда, есін жимай бақилық болды. Ол ішкі істер органдарында 2016 жылдан бері еңбек етіп келді. Үйленген, бір айлық қызы бар.


 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости