«Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен басшылық қызметте жүрген полицейлерге қатысты тәртіптік жазалау шарасы қабылданды», - делінген хабарламада.
Осылайша, Алматы қаласы ПД Патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары полиция подполковнигі Қ.Е.Сатаев, Алматы қаласы ПД Кадр саясаты басқармасының басшысы полиция полковнигі О.С.Мырзабеков, Алматы қаласы ПД Жеке құрам бойынша инспекция басшысы полиция подполковнигі А.О.Ақылбеков атқарып жүрген лауазымдарынан босатылды.
Сондай-ақ, Алматы қаласы ПД басшысының бірінші орынбасары полиция полковнигі Н.С.Алмасбековке, Алматы қаласы ПД-нің бөлім басшысы полиция подполковнигі С.К.Әзірбекке қатаң сөгіс жарияланды.
Бұдан бөлек, Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің басшысы полиция полковнигі М.А.Саттаровқа (бұрын полк командирі қызметін атқарған), Алматы қаласы Өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы полиция подполковнигі С.О.Көкірекбаевқа, Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары полиция полковнигі А.А.Нашарбековке қызметіне толық сәйкес еместігі ескертілді.
Сол секілді, Алматының ПД басшысы Қанат Таймерденовке де қатаң сөгіс жарияланды.