RSS лента

Мектеп жөндеуге бөлінген ақшаны қалтаға басқан

  • 18.08.2020, 02:02,
  • 1 667
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Ашық көздерден

Атырауда мектеп жөндейміз деп ақша жымқырған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі “Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне” сілтеме жасап.


Осылайша, осындағы №5 мектепті жөндеу барысынд 25 миллион теңге қолды болған. Қадағалау органының мәліметінше, 2017 жылы мектеп күрделі жөндеуден өткен. Оған 279 миллион теңге бөлінген. Биыл наурызда ғимарат қаптамасы құлағаны белгілі болды. Сондай-ақ, ол күні желдің күшті болмағаны айтылды.


– Тәуелсіз сарапшының қорытындысына сәйкес, сәулет-құрылыс нормаларын сақтамау, сондай-ақ, жұмыстардың орындалмауы салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 25 миллион теңге залал келді, – делінген прокуратура мәлімдемесінде.


Қалалық прокуратура материалдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберіп, ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости