RSS лента

«Береке» жаңа ықшамауданындағы «акиматский» үй құлауға шақ тұр

  • 12.06.2020, 17:28,
  • 1 672
  • 0
  • Автор:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласында әкімдік тапсырмасымен салынған «Береке» шағынауданындағы тоғызқабатты үй құлауға жақындаған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі. Бұл үйде 72 пәтер болса, соның көпшілігіне тұрғындар қоныстанған.

«Атырау қалалық әкімдігі былтырғы шілдеде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №370 мемлекеттік сатып алу шартымен жалпы сомасы 788 101 880 теңгеге бағаланған 72 пәтерлі тоғыз қабатты тұрғын үйді қабылдап алған. Үйдің құрылысына Атырау қалалық әкімдігінің құрылыс бөлімі тапсырыс берген» дейді департаменттегілер. 

 

Құрылыс мердігері – «Атырау Ж.Б.И.–2005» ЖШС. Оған техникалық қадағалауды «Инженерлік бюро «NURTAU» ЖШС жүргізген. Авторлық қадағалаушы – «Атыраубасжоспар» ЖШС. 

 

«Тапсырыс беруші мен техникалық қадағалаушы іргетасты, ғимараттардың тірек қабырғалары астындағы темірбетон жақтауларын, нөлдік және бірінші қабаттағы бағаналарды, бірінші және жартылай екінші қабаттағы жақтауларды салу кезінде темірбетон арқалықтарында (ригельдер) ұзындығы бойынша шекті рұқсат етілген мәннен асатын иілген тұстары барын анықтады. Осыған орай «Атырау Ж.Б.И.–2005» ЖШС мердігер ретінде техникалық тексеру жүргізу үшін «Техэксперт-Эко» серіктестігіне тапсырыс берген», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен. 

 

Сарапшының техникалық қорытындысында 72 пәтерлі тұрғын үйдің жағдайы 3-санатқа жатқызылып, қанағаттанарлық емес, жарамдылық жағдайы шектеулі деген шешім алынған. Себебі, тұрғын үйдегі зақымданулардан кейін салмақ көтеру қабілеті төмендеген. Үйді одан әрі пайдалану үшін зақымданған құрылымдарды жою қажет.  


«Мердігер «Атырау Ж.Б.И. –2005» ЖШС бұл ескертуді елемеген. Атырау қалалық әкімдігі құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғалары нысанды ескертусіз қабылдаған. Мердігерге құрылысқа бөлінген қаржы толық көлемде төленген. Осыған байланысты арнайы мониторингілік топ «Атырау– адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірге шағынауданда бой көтерген аталған үйге мониторинг жүргізді. Тексеруде анықталған бұзушылықтарды, тұрғын үйді одан әрі пайдалану мүмкіндігін анықтау мақсатында Атырау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасына, сондай-ақ құрылыс саласындағы мамандарға нақты залалды нақтылау үшін сұраныс жіберілді», - дейді департамент мамандары. 

 

Сот-құрылыс сараптамасы және бағалау» ЖК маманының қорытындысына сәйкес, тұрғын үй ғимаратына құрылымдарды нығайтатын жұмыстар жүргізілмесе, одан әрі пайдалануға жарамсыз. Тұрғын үй ғимаратындағы темірбетонды беларқаны нығайтуға 29 472 411 млн теңге қажет.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости