Нақтылап айтсақ, 6 492 тонна балық ауланып, белгіленген лимит 87 пайызға игерілді.
Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылы көктемгі балық аулау маусымына Жайық-Каспий бассейні бойынша 7434 тонна квота бөлінді (Каспий теңізінен - 3 190, Жайық өзенінен - 2 223, Қиғаш өзенінен - 2 021 тонна).
Балық шаруашылығы басқармасы атап өткендей, өткен жылмен салыстырғанда кәсіпшілік балық аулау көлемі 794 тоннаға өскен (2019 жылы - 5 698 тонна).
Сондай-ақ, биыл ауланған балықтың 5000 тоннасы өңделіп, 4069 тоннасы Ресей Федерациясы, Украина, Әзірбайжан және Израиль елдеріне экспортталды.
Қазіргі уақытта Атырау аймағында түрлі меншік нысанындағы 18 өндірістік кәсіпорын балық аулау және оны қайта өңдеумен айналысады. Оның екеуі бекіре балық өсіру зауыты:
«Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» және «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК.
Биыл мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында балық өсіру зауыттарына арнайы 269 дана бекіре ауланса, былтыр бұл 241 дананы құраған еді. Аталған екі зауыт жыл сайын Каспий теңізіне жасанды жолмен өсірілген 7 миллионнан астам бекіре шабақтарын жіберіп отырады.