RSS лента

Агробизнеске 250 миллиард теңге шағын несие беріледі

  • 02.03.2021, 00:56,
  • 1 134
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров алдағы бес жылда агробизнеске 250 млрд теңге шағын несие берілетінін айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Ауылда шағын несие беру жалғасатын болады. Өткен жылдың өзінде бұл мақсатқа 43,2 млрд теңге бағытталды. Бұл 11 мыңнан астам шағын несие беруге мүмкіндік берді. Оның 60 пайызын стартап-жобалар құрайды.

 

Бағдарламаны іске асыру ауылда 11 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Алдағы бес жылда 250 млрд теңге сомасына 50 мың шағын несие беру жоспарланып отыр.

 

Еңбек өнімділігін арттыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың тиімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл үшін өткен жылы министрлік субсидиялау тетіктерін қайта қарайды. Олар белгілі бір салаға баса назар аудармай, бірыңғай тәсілдемені көздейтін болды. Сондай-ақ шағын және орта фермерлердің субсидиялауға қол жеткізуі шектері өзгертілді» деді ол.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости