«Төтенше жағдай режимі, карантин мен локдаун сияқты шектеу шаралары жалдамалы жұмысшылар мен кәсіпкерлерді табысынан айырды. Шағын және орта бизнес саласында өндіріс көлемі күрт кеміп, қоғамдық тамақтану өндірісі - 53%, бөлшек сауда - 45%, көлік - 37%-ға құлдырады. 4 млн 200 мың адам жұмыссыз қалды. Жұмыссыздық ел тарихында болмаған 46 пайызға дейін жеткен.
2020 жылдың алғашқы жартысында микрокредиттер көлемі айтарлықтай өсіп кеткен. Шағын және орта бизнес микрокредиттік портфелін біраз есеге өсіріп алды, сонымен бірге мерзімі өтіп кеткен қарыздар да айтарлықтай өсті. Несие төлемдерін шегеретін президенттік мораторий осы қыркүйек айында аяқталады. Ал, кредит алғандардың төлем қабілеттігін қалпына келтіре алуы тағы да екіталай. Түрлі сарапшылар шағын және орта бизнес нысандарының 50 пайызына дейін жабылатынын айтады» дейді депутат Айқын Коңыров.