RSS лента

Дүниежүзілік банк: Қазақстанда кедейлік деңгейі күрт өседі

  • 28.07.2020, 11:17,
  • 956
  • 0
  • Автор:
Автор фото: zakon.kz

Бұл туралы Қазақстан экономикасы туралы жазылған ДБ (Дүниежүзілік банк) баяндамасынан белгілі болды. Онда жартыжылдық шолу жасалып, соңғы экономикалық оқиғалар, ортамерзімдік даму және макроэкономикалық саясатқа талдау жасалған, деп хабарлайды Turantimes.kz.

Экономикалық дамудың соңғы тенденциялары


Баяндамада COVID-19-дың соңғы екі онжылдықта Қазақстан үшін әкелген зор экономикалық салдары атап өтіледі. Бұл жолы пандемияны ауыздықтауда қолға алынған оқшаулау шаралары экономикаға әсерін тигізбей қоймады. Мұндай шаралар, әсіресе, бизнеске қатты әсер етеді. Сол сияқты, жартыжылдық шолуда COVID-19-дың таралып кетпеуіне тосқауыл қою үшін Үкіметтің дер кезде қолға алған шаралары да атап көрсетілген.


«Үкімет дағдарыстан жапа шеккен бизнес пен үй шаруашылығын қолдау мақсатында фискалды шаралар пакетін қабылдады. Пандемияны бақылауда ұстап, денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділікті арттыру ісін жалғастыра беру керек. Әйтсе де, дағдарысты еңсеру үшін қолда бар ресурстарды іске қосып, құрылымдық өзгерістерді жалғастыру қажет» делінген баяндамада.


Білім беру мен денсаулық сақтау саласына қолжетімділікті және сапасын арттыру, сондай-ақ, жұмысшылар мен жұмыс берушілерді уақытша қолдау бағытында Үкіметке кейбір мемлекеттік бағдарламалардың ресурстарын қайта қарау ұсынылды. Орта мерзімді реформациялау бағдарламасының болуы жеке секторды тартуға да үлкен үлесін тигізері сөзсіз. Бұл оның бейімделуіне мүмкіндік бермек.


«Фискалды және монетарлық ынталандыру шараларының әсері созылмалы пандемиямен және әлемдік экономикадағы құлдырау нәтижесімен сыналатын болады. Әлемдік саудадағы тізбектің шашырауы мен ретсіз текетірестер жаңа ресурс іздеуге теріс әсерін тигізбек» деп атап өтілген шолуда.


Экономикалық болжам


Баяндамада айтылғандай, ынталандыру шараларының пакеті пандемиядан кейін де экономикалық өсімді қалыпқа келтіруге жағдай жасайды.


Осыған орай, 2020 жылы ІЖӨ-нің 3%-ға төмендеуі және 2021 жылы аз-мұз қайта қалыпқа келуі болжануда. Инфляциялық қысым 2020 жылдың соңына дейін жалғасады, бірақ баяулайды деген де болжам бар. Оның үстіне, айырбастау бағамының төмендеуінен туындаған әсер де ақырындап сейілуде. Биылғы инфляция теңге бағамы түскеннен кейін орталық банктің мақсатты көрсеткішінен жоғары 6% деңгейінде қалмақ.


Сауда шартының нашарлауы және мұнай экспорты көлемінің қысқаруы себепті, ағымдағы опреациялардың шот тапшылығы 2020 жылы 5% ІЖӨ-ге өседі деп күтілуде. Созылмалы дағдарыс кедейліктің күрт өсіп, Қазақстанда теңсіздіктің артуына әкелуі мүмкін.


Алдын ала бағалау бойынша, 2020 жылы кедейлік деңгейі болжалды 8,3-тен 12,7 пайызға (кедейлік шегіндегі 800 мың адамға сәйкес) өсіп кетуі ықтимал.


«Пандемия мен оның салдарынан туындаған жайттар төмен санатты жұмысшылар қызмет ететін секторларға айтарлықтай әсерін тигізеді. Сапалы білімге қолжетімділік жағынан, әсіресе, карантин кезіндегі теңсіздік адамдық капиталдың дамуына, соның ішінде әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға кері әсер етуі мүмкін» делінген баяндама қорытындысында.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости