RSS лента

Бірқатар өңірлерде карантиндік шаралар күшейтілуі мүмкін

  • 05.06.2020, 09:25,
  • 1 207
  • 0
  • Автор:

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында еліміздегі қазіргі эпидемиологиялық жағдай, халықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, шетелдегі ҚР азаматтарын елге қайтаруды ұйымдастыру және басқа да өзекті мәселелер қаралды, деп хабарлайды Turantimes.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз баяндамасында кейбір өңірлерде қарантин шараларын жеңілдету коронавируспен ауырғандар санының көбейуіне себеп болғанын атап өтті.

 

Осыған орай, Премьер-Министрдің орынбасары Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары әкімдіктеріне өңір бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына бақылауды күшейтуді, оның ішінде шектеу шараларын күшейту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

 

​«Өңір әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауы тиіс. Талаптарды орындамаған бизнес субъектілерінің қызметін анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше уақытша тоқтату қажет. Бұл шаралар азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды», - деп атап өтті Тоғжанов.

 

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Тоғжанов бірнеше нақты тапсырмалар берді.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости