RSS лента

Шетелден оралған қазақстандықтарға енді қандай талап қойылады?

  • 19.10.2020, 22:31,
  • 699
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

ҚР Премьер-Министрі А.Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды Turantimes.kz.

ВАК бірқатар шешім қабылдады: 

Шекарадан өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту:


- 2020 ж. 26 қазаннан бастап шет елдердегі эпидемиологиялық ахуалды ескерумен шетелге ұшатын әуе рейстерінің санын қысқарту;


- Қазақстан аумағына келгендердің барлығын (соның ішінде ҚР азаматтарын), сондай-ақ екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілерді міндетті ПТР-тестілеуден өткізу;


- шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін де ПТР тестіден өткені туралы анықтаманың жарамды мерзімін 3 күнге дейін белгілеу.

Айтпақшы, бүгіннен бастап ҚР көптеген өңірлік зертханаларында ПТР-тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости