Сонымен, қазан айынан бастап жүру жиілігі артқан пойыздар:
- №1/2 "Алматы-2 – Шымкент" пойызы – аптасына 1 реттен 3 ретке дейін, Алматыдан-2 стансасынан 10 қазаннан, ал Шымкенттен 11 қазаннан бастап;
- №11/12 "Алматы-2 – Шымкент" пойызы – аптасына 2 реттен 4 ретке дейін, Алматыдан-2-ден 13 қазанннан, ал Шымкенттен 14 қазаннан бастап;
- №31/32 "Алматы-2 – Павлодар" пойызы – күн сайын, Алматы-2-ден 11 қазаннан бастап, Павлодардан 12 қазаннан бастап;
- №603/604 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Арқалық" пойызы – күн сайын, Нұр-Сұлтаннан 2 қарашадан, ал Арқалықтан 3 қарашадан бастап.
Толығырақ мәліметті «105» нөміріне қоңырау шалып алуға болады. Сондай-ақ, ресми Bilet.railways.kz сайты арқылы билет сатып алуға мүмкіндік бар.
Ескеретін жағдай, вокзал аумағында және пойыздың ішінде кемінде 1 метр аралықта әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде кию керек.