RSS лента

Қазақстанда 1 маусымнан бастап барлық блок-бекеттер алынып тасталады

  • 29.05.2020, 15:45,
  • 3 595
  • 0
  • Автор: aakhmetullina
Автор фото: astana.gov.kz

​Сөйтіп, 5 маусымнан бастап тасымалдауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

 

Оның айтуынша, елімізде 313 халықаралық бағытта ие 88 тасымалдаушы 610 автобуспен қызмет көрсетеді. Тек биылғы 10 мамырдағы бас дәрігердің талаптарына сәйкес, маршруттың соңғы аялдаған орнында автобустарды дезинфекциялау, жолаушыларды тек бетпердемен кіргізу, жолаушыларды отырғызу кезінде кем дегенде 1 метр арақашықтықты сақтау міндеттеледі.

Оставить комментарий
Последние новости