«Мен карантиннің аяқталар мерзімін болжап айта аламын, бұл шамамен маусым айының соңы. Сондай-ақ, бүгін Үкіметпен 159 пункттен тұратын кешенді жоспар жасақталып, қаралды. Барлық шара ТЖ мен карантиндік режимге орай тұралап қалған экономиканы қалыпқа келтіруге бағытталатын болады. Бұл өте маңызды мәселе және күн тәртібінен түспейді. Себебі, мұның артында жұмыс орындары тұр», - деп мәлімдеді Тоғжанов.
Оның айтуынша, елімізде ТЖ алынып тасталғанымен, коронавирус кеселінің қаупі әлі сейілген жоқ. Сондықтан тәуекелді бағаламауға болмайды.
Еске сала кетейік, 11 мамыр күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде Төтенше жағдайдың тоқтатылғанын жариялаған еді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы карантиндік шаралар жалғасатынын және біртіндеп алынатынын атап өтті.