Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов көптеген қазақстандықтар карантиннің жеңілдетілуіне және ТЖ-дың алынып тасталуына орай жұмысқа шығатынын айтты. Оның сөзінше, шамамен 1,1 миллион адам өз қызметін жандандырмақ.
«Көптеген жұмысшылардың балалары бар екенін ескеріп, балабақшаға апаруына мүмкіндік туғыздық. Орташа есеппен балабақшадағы бір топта 25-30 бала бар. Карантин жағдайында әр топта 15 баладан артық болмауы керек» деді ол.
Ол, сондай-ақ, оқу жылының соңына дейін 3,3, млн оқушы мен 1 млн студент үшін (ЖОО, колледж) қашықтықтан оқыту жалғсатынын атап өтті.
Карантиндік шаралар маусымның соңына дейін жалғаспақ.
Еске сала кетейік, 11 мамыр күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде Төтенше жағдайдың тоқтатылғанын жариялаған еді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы карантиндік шаралар жалғасатынын және біртіндеп алынатынын атап өтті.