Осылайша, 20 мамырда қалада сауда-ойын-сауық орталықтары жұмысын бастады. Бірақ, фуд-корт, кинотеатр мен көңіл көтеру нысандарының жұмысы әзірге жандана қоймайды.
Сонымен бірге, астанада қоғамдық моншалар жұмыс жасай бастады.
Сауда-ойын-сауық орталықтары мен моншаларға жұмыстарын жандандыру үшін арнайы талаптар қойылған. Өйткені, пандемияның таралу қаупі әлі де жоғары. Аталған нысандарда бутиктердегі сатып алушылар саны бес адамнан аспауы тиіс. Бұдан бөлек, олар 2 метр арақашықтықты сақтауы керек. Касса аумағында арнайы белгілер сызылады.
Монша мен сауна бассейнсіз жұмыс жасайтын болады. Бұлар үшін алдын ала жазылу бойынша сағат 09:00-18:00 аралығында арнайы жұмыс кестесі белгіленген. Жобада көрсетілген сыйымдылық 30 пайыздан аспауы шарт.
Естеріңізге салсақ, 18 мамырдан бастап астанада дәмхана (оның ішінде жазғысы да бар) мен 50 адамға шақталған мейрамханалар есіктерін айқара ашты. Кезекші топ режимінде балабақшалар мен жекелей сабақатрға арналған коррекциялық кабинеттер ашылды.
Бүгінде мегаполисте келесі қызмет түрлері көрсетіледі:
- сағат 17:00-ге дейін жұмыс кестесімен жалпы алаңы 500 м² дейін азық-түліктік емес дүкендер (барлық бағыттар);
- шаштараздар, тігін ательелері, аяқкиім шеберханалары (алдын ала жазылу бойынша, залда 3 тұтынушыдан көп емес, үй-жайларды күнделікті өңдеу керек);
- жеке сот орындаушылары (алдын ала жазылу бойынша);
- адвокаттар (алдын ала жазылу бойынша);
- медициналық орталықтар (алдын ала жазылу бойынша);
- стоматологиялық клиникалар (алдын ала жазылу бойынша);
- жарнама агенттіктері (алдын ала жазылу бойынша);
- ақпараттық-коммуникациялық технология компаниялары мен төлем терминалдарына қызмет көрсету;
- фотосалондар мен гүл дүкендері;
- клиникалық қызметтер;
- көшедегі спорт сабақтары мен жаттығулар;
- ұялы телефондарды жөндеу және аксессуарларды сату, кілттерді, сағаттарды, құлыптарды және т. б. жөндеу және дайындау.
Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтары мына мекен-жай бойынша қызмет көрсетеді:
- 2020 жылғы 4 мамыр сағат 9:00-ден бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейтілген түрде сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс кестесімен тек қана кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсету үшін – Мәңгілік Ел даңғылы, № 30 («Есіл» ауданының №1 бөлімі);
- Тек қана автосалондар үшін қызметтер көрсету үшін – 20-40 к-сі, №2 (Мамандандырылған бөлім)