Қадырова еске салғандай, 18 мамырдан бастап барлық астаналық мектепке дейінгі ұйымдар кезекші топ режимінде жұмысқа оралған. Бұл ретте, ең алдымен, баласын үйде қалдруға мүмкіндігі жоқ жұмыстағы ата-аналар ескеріліп отыр.
«1 маусымнан бастап штаттық режимде барлық балабақшалар мен қосымша білім беру ұйымдарының жұмысын жандандыру жоспарлануда. Мектепке дейінгі ұйымдардың дайындық тобындағы балалар 1 тамызға дейін балабақшаға бара алады», - деді ол брифинг барысында.
Сондай-ақ, ол астанада барлығы 55 708 баланы қамтитын 377 мектепке дейінгі ұйым қызмет көрсететінін атап өтті.