RSS лента

Қазақстанық вакцинаның клиникалыққа дейінгі сынақ жұмыстары басталды

  • 18.05.2020, 16:34,
  • 1 198
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pnp.ru

Елімізде Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері жасақтаған вакцинаның клиникалыққа дейінгі сынақ жұмыстары басталды, деп хабарлайды Turantimes.kz Білім және ғылым министрлігінің (БҒМ) баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық ғалымдардың жұмысын тіркеп, өзінің ресми сайтына орналастырып қойды. Бұл сайтта клиникалыққа дейін сынақ жүргізуге рұқсат алған COVID-19-ға қарсы вакциналық үміткерлер тізбесі жарияланған. ​


Аталған екпені еліміздің БҒМ Білім комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты қызметкерлері дайындаған. Ол Қазақстан аумағында ауырғандардан табылған вирустың үлгісі негізінде жасалған.


«Бұл – біздің мемлекетіміздің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан қазақстандық ғылымның үлкен үлесі. Сондай-ақ, еліміздің мықты ғылыми әлеуетінің белгісі. Осылайша, институт ұжымы қауіпті және аса қауіпті ауруларға қарсы екпенің жаңа түрлерін жасақтауда өзінің маңызды ролін тағы бір мәрте аңғартты», - делінген хабарламада.


Енді институт ғалымдарының алдында ​ клиникалыққа дейінгі және клиникалық сынақтар жүргізу міндеті тұр. ​


Бұған дейін Қазақстанда коронавиурсқа қарсы вакцина дайындау бағытында зерттеу жұмыстары басталғандығы хабарланған еді. Барлығы төрт вакцина-үміткер анықталғаны атап өтілді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости