«Ағымдағы жылдың 11 мамырынан бастап жолаушылар, әуежай қызметінің жұмысшыларын және экипажды Covid-19 бойынша ПТР-сынамасынан өтуге міндеттейтін талап алынып тасталды», - делінген хабарламада.
Әлеуметтік арақашықтық, сауалнама, бетперделк режим, терминал ғимаратына шығарып салушыларды жібермеу, тікелей байланыссыз термометрия және басқасы – өз күшінде қалады.
Еске салсақ, 1 мамырдан бастап ел ішіндегі рейстер жандандырылған болатын. Басты талаптар қатарында жоғарыда аталған анықтама және жолаушылардың расында бір орынның бос тұру қажеттігі болды.
4 мамырда еліміздің Әуе әкімшілігі ұшу талаптарын қайта қарауды ұсынды. Осыған орай, еліміздің бас сандәрігері Айжан Есмағамбетова эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл ұсыныстың қарастырылатынын хабарлаған еді.
7 мамырда коронавриусқа анықтама алынып тасталды және ел ішіндегі рейстерге ұшақтардың толық жүктелуіне рұқсат етілді.
Сонымен бірге, бүгіннен, яғни, 11 мамырдан бастап астана мен Алматыдан еліміздің жеті қаласына (Қостанай, Көкшетау, Тараз, Талдықорған, Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды) ұшу жандандырылды.