RSS лента

Міндетті және ерікті екпелер Мәжілісте мақұлданды

  • 19.05.2020, 10:30,
  • 1 246
  • 0
  • Автор:

Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар жаңа «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасын екінші оқылымында мақұлдады. Онда міндетті балларға арналған екпелер қарастырылған, - деп хабарлайды Turantimes.kz.

Депутат Зәуреш Аманжолованың айтуынша, қорытынды салыстырмалы кесте қабылданған 717 түзетуден тұрады. Бұдан бөлек, екі түзету қабылданбады: «міндетті» сөзін «құқылы» сөзіне ауыстыру, сондай-ақ, егілмеген балаларға балабақшаға баруға тыйым салатын норманы алып тастау көзделген еді.

«Атап өткім келеді, бұл бап тәуелсіз қауымдастық сарапшыларынан құралған жұмыс тобымен және депутаттармен жан-жақты пысықталды. Сонымен бірге, халықаралық тәжірибе де ескерілді. Нәтижесінде, барлық екпелерді міндетті және ерікті деп бөлетін шешім қабылданды. Ал, балаларды балабақшаға жіберу ондағы ұжымдық иммунитет деңгейіне байланысты болмақ», - деді ол.

Бұған дейін Қазақстанда халықты вакцинациялау тәртібіне өзгерістер енгізу жоспарланып жатқаны хабарланған​ еді. Жаңа «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасына сәйкес, бірқатар ауруларға қарсы екпелер міндетті болады. Олардың ішінде қызылша, қызамық, дифтерия, көкжөтел, А және В гепатиті, b түріндегі гемофильдік инфекция бар.

«Ашық НҚА» нормативтік-құқықтық актілер сайтында қазақстандықтардың көбісі міндетті вакцинациялауға қарсы шықты. Олардың сөзінше, әр адам қандай медициналық амал-тәсілдерді қолданатынын өзі таңдауға құқылы.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости