RSS лента

Зейнеткерлерге берілетін бір реттік төлемді қалай алуға болады?

  • 01.10.2020, 22:24,
  • 4 989
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Әлеуметтік желі

Қарттар күніне орай 216 700 зейнеткерге бір реттік төлем жасалады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметін сілтеме жасай отырып.

Қарттар күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында 216,7 мың адамға бір реттік қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл мақсатқа 2,3 миллиард теңге бөлінген.

 

2020 жылы зейнетақы төлемдерін қоспағанда, егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қолдаудың түрлі бағытына 32 миллиард 670 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. 

 

2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір» ұлттық іс-қимыл жоспары аясында әр аймақта белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу жоспарланып отыр. 2020 жылы жергілікті бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде 15,2 миллиард  теңгеден астам қаражат бөлінді.

 

Бұл қаражатқа Жеңіс күніне орай бір реттік материалдық көмек (7,6 млрд теңге), азық-түлік себеті (1 млрд. 481,1 млн. теңге), жеңілдікпен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (174,2 млн теңге), тісті протездеу (142,7 млн. теңге), шипажайлық емделу (1 млрд. 362,3 млн. теңге), тұрғын үйді жөндеу (46,4 млн. теңге), отынмен қамтамасыз ету (136,1 млн. теңге), қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру (740,7 млн. теңге) секілді қызмет көрсетілді» делінген хабарламада.

 

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости