RSS лента

42500 теңгелік төлем жалғасын таба ма?

  • 31.08.2020, 18:55,
  • 1 802
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Әлеуметтік желі

Бүгін 42500 теңге бір реттік әлеуметтік төлем тағайындауға өтініштер қабылдау аяқталады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Осы уақытқа дейін аталған көмекті барлығы 2,4 миллионға жуық қазақстандық алған екен.

 

«2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-дан бір реттік төлем алған қазақстандықтарға карантинді ұзартуға байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ. Алғаш рет өтініш бергендерге төлем 1,5 ең төменгі жалақы мөлшері немесе 63 750 теңге мөлшерінде тағайындалады (42 500 + 21 250 теңге)» деп хабарлады еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

 

Айта кетейік, өтінішті Egov.kz, 42500.enbek.kz порталдары, telegram-боттар және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы беруге болады.

 

Төлемді алуға құқылы тұрғындар тізімі:

  • жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер;
  • карантин шараларының күшеюіне байланысты қызметі шектелген жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өздері үшін.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости