«Жобаны іске асыру мерзімі – 5 жыл, жалпы сомасы – 4,69 млрд теңгеден астам. Биыл «Атырау қаласын көгалдандыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 375 мың гүл егілді.
Сондай-ақ қаланың 38 көшесінде, 15 саябағы мен алаңында егілген өскіндерге, ағаштарға, алаңы 40 612 шаршы метр гүлзарларға, бұталы қоршауларға күтім жасалады. Сорғы станциялары мен суару жүйелеріне кезең-кезеңімен ағымдағы жөндеу жүргізілуде.
Қала тарихын қалпына келтіру мақсатында 1,5 га алаңда «Сутягин бағы» аталатын жеміс бағы жанданды. Жеңіс саябағы аумағында жеміс ағаштары егілді. Қазір оның 900-і тамыр жайды» делінген хабарламада.