«Тұрғын үй саясатын тиімді іске асыру Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2030 жылы үймен қамтамасыз етуді 1 адамға 30 шаршы метрге дейін жеткізу туралы тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырған кезде алдағы бес жылда 100 млн шаршы метрден астам үй салуды тапсырды. Осылайша біз 1 млн жуық отбасын үймен қамтамасыз ете аламыз.
Осындай ауқымды міндеттерді жүзеге асыру үшін тұрғын үй саясатына реформа жүргізіліп жатыр. Онда тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру, жеке құрылыс салушылардың инвестицияларын жалдамалы тұрғын үй салуға тарту үшін жаңа шаралар кешені көзделген. Бұл жұмыста «Отбасы банк» негізгі құрал болмақ. Ол баспанаға мұқтаж адамдардың кезегін бір орталықтан қалыптастырып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында оларға жеңілдікті тұрғын үйлерді сатады. Барлығы осы жылы 17 млн шаршы метр үйді пайдалануға беру жоспарланған, бұл өткен жылға қарағанда 2 млн шаршы метрге көп» деді Асқар Мамин.