Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында нысаналы пайдалану жөніндегі уәкілетті операторларды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 37-1) тармақшасына, 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мыналар:
тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында – «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы;
тұрғын үй және (немесе) бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізумен қоса тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу;
тұрғын үй және (немесе) бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізумен қоса тұрғын үйсатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша қарызын ішінара немесе толық өтеу;
ипотекалық тұрғын үй берешегін қайта қаржыландыру жолымен тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында – екінші деңгейдегі банктер;
емделуге ақы төлеу мақсатында – «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін нысаналы пайдалану жөніндегі уәкілетті операторлар болыпайқындалсын.
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
- Осы қаулы қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының 2021 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін он бірінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Асқар Мамин,
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі