«Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 444-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiнде: «Сүт қоректiлер класы Mammalia Класс – Млекопитающие» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 128-1-жолмен толықтырылсын: «128-1 Каспий итбалығы Pusa caspica Каспийский тюлень».
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Құжаттың астына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Маминнің қолы қойылған.