RSS лента

Қазақстанның бас газеттері біріктіріледі

  • 12.11.2020, 17:52,
  • 1 068
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстан үкіметінің биылғы 7 қарашада «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» қаулысы шықты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қаулыға сай, «Казахстанская правда» басылымын «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ құрамына кіргізу арқылы қайта құру жөнінде шешім қабылданды.

 

«Осы қаулының 1-тармағында көзделген іс-шараларға сәйкес, «Республикалық «Егемен Қазақстан» газеті» акционерлік қоғамы қайта құрылып, «Республикалық «Егемен Қазақстан» газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне айналады.

 

«Қазақ газеттері» ЖШС-і құрамына «Республикалық «Егемен Қазақстан» газеті» ЖШС-ін кіріктіру арқылы қайта құрылады. Серіктестік қызметінің негізгі бағыты – Қазақстан Республикасының рухани-адамгершілік құндылықтарына, саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысты ақпараттар мен материалдарды жинау, өңдеу және тарату болып табылады» делінген ресми құжатта.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости