Мұрағаттан алынған бейнежазбада ҚР Конституциясы қабылданған республикалық референдум бейнеленген.
«1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға арналған дауыс беру нәтижелері туралы» қаулыны оқыған Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ю.А.Ким Н.Назарбаевқа еліміздің жаңа Негізгі Заңының түпнұсқасын тапсырған болатын.