RSS лента

Қазақстан Республикасы Сенат депутаттарын сайлау өтті

  • 13.08.2020, 09:33,
  • 963
  • 0
  • Автор: NTleukesh
Автор фото: azattyq-ruhy.kz

Парламент Сенатының депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар – елдің барлық облысында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында мәслихаттардың депутаттары сайлады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, Сенат депутатын сайлауда әр деңгейдегі 111 депутат дауыс береді деп жоспарланған. Бүгінгі сайлауда дауыс беруге мәслихаттардың 105 депутаты қатысты.


Аумақтық сайлау комиссиясының таратқан хабарына сәйкес Сағындық Лұқпановты жақтап 86 (82,69%) адам дауыс берген. Ал, үміткерлер Серік Смағұлов 11 (10,5%), Сағын Сейілханов 7 (6,73%) дауыс жинаған.


Қазақстанның өзге өңірлерінен таңдалған сенаторлар туралы ОСК ресми сайтынан көре аласыздар.

Оставить комментарий
Последние новости