RSS лента

«Қазақстандағы белгісіз пневмония»: Министрлік қытайлық БАҚ-тағы жаңалыққа жауап берді

  • 13.07.2020, 16:27,
  • 2 252
  • 0
  • Автор:

Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстанда коронавирустан анағұрлым қауіпті пневмония тарағаны туралы мәлімет таратты. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мұның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Turantimes.kz.

«Қытайдың кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда коронавирусқа қарағанда, өлім-жітімге анағұрлым көбірек алып келетін белгісіз пневмония анықталғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі аталған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлім етеді» деп хабарлады министрлікте.


Аталған ведомствоның түсіндіруінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Аурулардың халықаралық тізіліміне – АХТ-10-ға пневмонияны есепке алатын кодтар енгізді. Мысалға, «күңгірт шыны» симптомы кезінде өкпенің зақымдануында, КВИ клиникалық және эпидемиологиялық түрде диагностикаланады, бірақ зертханалық түрде расталмаған.


«Қазақстан өзге елдер сияқты осындай пневмония түріне мониторинг және есеп жүргізеді. Бұл, коронавирус инфекциясына шалдығу және оның таралу жағдайын тұрақтандыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді» деп ақпараттандырды министрлікте.


Еске сала кетейік, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пневмониямен ауыру үлесінің 55,4%-ға өскенін хабарлаған еді. Биылғы маусымда бұл аурудан 628 адам көз жұмды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости