Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифинг барысында Бюрабекова қазақстандық дәріханалардан нақты қай дәрілердің жоғалып кеткенін айтты. «Бұл парацетамол секілді қызу түсіретін дәрілер. Елімізде парацетамолдың 80-нен астам түрі тіркелген. Бұл таблетка, шырақ, және шырын түріндегілер» деген ол қажетті дәрілердің бөлшек саудада қайта пайда бола бастағанын атап өтті.
«Сол сияқты, антиретровирустық препараттар да сөрелерден ғайып болды. Бұлар – ингавирин мен тамифлю. Кеше Алексей Владимирович (Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. Авт.) айтты, бұлар соңына дейін түседі. 49 мың тамифлю және 70 мыңнан астам ингавирин қорапшасы. Бірақ, тағы да атап өткім келеді, бұлардың ешқайсысы коронавиурсқа қарсы емде қолданылмайды. Бұлар ЖРВИ, парагрипп пен тұмауды емдеуге бағытталған» деп атап өтті спикер.
Бюрабекова парацетамолдың Алматы, Қарағанды облысы мен астана дәріханаларында қолжетімді екенін қоса айтты. Жақын күндері ол қалған өңірлердің дәріханаларына жеткізілетін болады.