«Құрметті әріптестер мен достар! Бүгін мен Мемлекет басшысынан денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатуды сұрадым. Өкінішке қарай, коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаннан кейін ауру күрделі пневмонияға ұласып, қосымша ем-дом қабылдау қажеттігі туды», - деп жазды Біртанов.
Ол қазіргі жағдайда елдегі эпидахуалдың ушығуына орай аталған салаға толыққанды жееткшілік жасау қажет. Біртанов қазақстандық денсаулық сақтау жүйесі түскен жүктемені еңсеретініне сенім білдірді.
«Өз әріптестерімнің бәріне денсаулық пен табандылық тілеймін! Қазақстандық денсаулық сақтау саласын дамытуға өз үлесімді қосуда маған сенім артқаны үшін Мемлекет басшысына алғысымды айтамын!», - деп түйіндеді ол.
Еске сала кетейік, Елжан Біртанов президент жарлығымен Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылып, оны Алексей Цой алмастырды.