«Мемлекет басшысының Жарлығымен Елжан Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.
Еске салайық, 14 маусымда Елжан Біртанов өзінің Facebook-тегі парақшасында COVID-19 жұқтырғанын мәлімдеген еді. Оның денсаулығы орташа ауырлық жағдайында деп бағалануда.
Біртанов 1971 жылғы 18 қазанда Жамбыл қаласында дүниеге келді. Алматы мемлекеттік медицина университетін, Аризона штатының университетін, Ресейде дипломнан кейінгі медициналық білім академиясын, Шарите Университеттік клиникасын (Германия), Тұран университетін, Duke University, Fugua School of Business (АҚШ), Global Executive МВА магистратурасын бітірді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметін 2017 жылдан бастап атқарды, 2019 жылы Үкімет түгел отставкаға кеткеннен кейін осы лауазымға қайта тағайындалды.