Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясынан 7 адам көз жұмды:
- 1961 жылғы ер адам,
- 1941 жылғы ер адам,
- 1959 жылғы ер адам,
- 1971 жылғы әйел адам,
- 1946 жылғы ер адам,
- 1958 жылғы әйел адам,
- 1951 жылғы ер адам.
Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себептерін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстанда COVID-19-дың кесірінен барлығы 147 адам қайтыс болды. Олардың ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында – 45, Алматы қаласы – 26, Шымкент қаласы – 13, Ақмола облысы – 13, Ақтөбе облысы – 1, Атырау облысы – 3, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1, Батыс Қазақстан облысы – 6, Қарағанды облысы – 10, Қостанай облысы – 3, Қызылорда облысы – 2, Маңғыстау облысы – 2, Павлодар облысы – 13, Түркістан облысында – 8 адам.