RSS лента

Пневмония және орташа ауырлық деңгейі: Біртановтың жағдайы белгілі болды

  • 17.06.2020, 08:54,
  • 853
  • 0
  • Автор:

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп коронавирус жұқтырған министр Елжан Біртановтың жағдайы жайлы айтып берді, депTurantimes.kz хабарлайды Sputniknews.kz-ке сілтеме жасай отырып. 

«Қазір министрдің жағдайы орташа деңгейде. Оған «пневмония» диагнозы қойылды. Ол хаттамаға сәйкес ем қабылдауда», – деп мәлімдеді Ахметшәріп.

Ол стационарда болғанымен, жұқпалы дерт бойынша жұмыстың бәрін үйлестіріп отыр.

«Біз Елжан Аманатйұлының тездетіп қызметке оралып, қатарға қосылуын күтеміз», – деп толықтырды министтрліктің ресми өкілі.

Еске салайық, өткен демалыстарда министрде коронавирус расталды. Бұл туралы ол өзінің фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости