Асқар Жұмағалиев 1972 жылы 2 тамызда РКФСР Орынбор облысында туған. Свердловск Суворов әскери училищесін, Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін және Швейцария федералдық технологиялар институтын (Лозанна қаласы) бітірген. Әр жылдары «Жарық» ЖШС бас директоры, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінде сектор меңгерушісі, бөлім, басқарма бастығы қызметтерін атқарып, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы, «Қазақтелеком» АҚ президенті болды. 2010 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат министрі, Көлік және коммуникациялар министрі болып, Байланыс және ақпарат агенттігіне төрағалық етті.
Айта кетейік, ол Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып 2019 жылдың 25 ақпанында тағайындалған болатын.