RSS лента

Тоқаев Covid-19-ке байланысты шенеуніктерге сөгіс жариялады

  • 29.06.2020, 17:34,
  • 1 118
  • 0
  • Автор:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар шенділерге сөгіс жариялады. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте бірқатар шенеуніктің өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындағаны атап өтті», - деп жазды Уәли.

Осыған орай, Мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақовқа және Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Е.Тоғжановқа сөгіс жариялады.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевқа, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиевке ескерту жасады.

«Мемлекет басшысы Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертті. Аталған мәселе барлық облыстың басшыларына да қатысты екенін айтты», - деп хабарлады баспасөз хатшысы.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости