Қоғамдық қабылдауға қатысушылар тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мен тұрғын үй жағдайын жақсарту, әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту, медициналық көмек мәселесі, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікке қатысты сауалдар қойды. Өңір тұрғындары тарапынан көтерілген бұл мәселелердің шешімі жіті қадағаланатын болады.
Облыс әкімі қойылған сұрақтар мен ұсыныстарды зерделеп, оларға толық жауап беруді қала мен аудан әкімдеріне және тиісті басқармаларға жүктеп, тапсырмалар берді. Сондай-ақ, мәселелердің шешілуін жіті бақылауда ұстайтынын жеткізді.
"Біздің басты мақсатымыз – халықтың әл-ауқатын арттыру. Кез-келген тұрғынның мәселесі біз үшін маңызды. Сондақтан халықты толғандыратын барлық мәселелер бақылауымызда", - деді Махамбет Досмұхамбетов.