«Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Әбдімәлікұлына экономиканы дамыту жөніндегі ұсыныстары үшін алғыс айтты» деп хабарлады Уәли.
Құдайбергенов 1982 жылы Түркістанда дүниеге келген. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін және Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (ҚМЭБИ-КИМЭП) тәмамдаған.
Еңбек өтілімі:
-Экономиканың түрлі секторындағы кәсіпорындарда басшылық қызметтер (2003-2012);
-ҚР Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі (2014);
-Қазақстан Экономистер қауымдастығының атқарушы директоры;
-«Centerforstrategicinitiatives» консалтингтік компаниясының аға әріптесі (09.2016 бастап).
Еске сала кетейік, Құдайбергенов шататтан тыс президент кеңесшісі қызметіне өткен жылдың желтоқсанында тағайындалған еді.