RSS лента

Қазақстан өлім жазасынан неге бас тартып отыр?

  • 25.09.2020, 18:09,
  • 1 095
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Әлеуметтік желі

Қазақстан өлім жазасын жоюға бағытталған халықаралық пактіге қосылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1) және 2) тармақтарына сәйкес өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Факультативтік екінші хаттаманы ҚР Парламенті міндетті түрде ратификациялауы тиіс, өйткені ол адамның және азаматтың құқықтары және бостандықтарымен байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге ережелерді белгілейді. Осылайша, аталған халықаралық шарт ҚР Парламентімен ратификациядан өткеннен кейін ғана күшіне енеді.


Ратификациялау кезінде екінші Факультативтік хаттаманың 2-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекет әскери сипаттағы неғұрлым ауыр қылмыстар жасаудағы кінәсін мойындағаннан кейін соғыс уақытында өлім жазасын қолдануды көздейтін жалғыз ескертпе жасай алады. ҚР Конституциясының 15-бабының 2-тармағына сәйкес «өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді». Тиісінше Хаттаманың күшіне енуі үшін елдің негізгі Заңына тиісті түзетулер, сондай-ақ ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу қажет, - делінген баспасөз баяндамасында.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости