Азаматтың асыл парызы
Сонымен, кім кінәлі? Ауған соғысының ардагері Қайролла Көшқалиев Отанды қорғау отбасынан басталатынын айтады.
«Әке көрген оқ жонар»
Иә, спикер сөзінің жаны бар. Расымен де, «Отан отбасынан басталады» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Әсіресе, болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеуде отбасындағы әкенің ролі өте ерекше. Бұл айтпаса да түсінікті жайт. Өкінішке қарай, бүгінгі әкелер ұлдарын әскерге дайындауға асықпайды десе де болады. Тек «біз әскерде болғанбыз, ендеше, сен де барып кел» деуден әрі аспайды. Ал, баланың батыл да батыр азамат болып қалыптасуы үшін бұл жеткіліксіз. Сонда қайтпек керек?
Жанарда – мұң, бойда – үрей...
Бір сәт ойланып көрсек, қазіргі ата-аналар балаларын өз еліміздің емес, өзге мемлекеттің шекарасын қорғауға жіберіп жатқандай көрінеді. Әке-шешенің жанарынан мұң, баланың бойынан үрей байқалады. Әсіресе, аналар жағы баласын қалайда әскерге жібермес үшін неше түрлі қулық-сұмдықтарға барып жатыр. Ал, шын мәнінде, ертең ел басына «ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен су кешетін» күн туа қалса, сол аналарды қорғайтын осы балалар емес пе? Осы ретте, біз атадан балаға аманатталып келе жатқан кең-байтақ жерімізге қызыға да қызғанып қарап отырған сырт көздер көп екенін бір сәт естен шығармауымыз керек.
Бірақ, елімізде патриоттық рухты көтеру бағытында ешқандай жұмыс жасалып жатқан жоқ деуге тағы болмайды. Себебі, әскери бөлімдер мен жасақтарда күн сайын іргелі істер атқарылып, жарқын жобалар қолға алынуда. Мысал келтірсек, биылғы оқу жылында елімізде алғаш рет «Сармат» әскери мамандандырылған лицей-мектебі өз жұмысын бастауда. Осыған орай біз аталған білім ұясында басшы қызметін уақытша атқарып жүрген Ерлан Тоқпаевты әңгімеге тартқан едік.
Көшеден ұстап, казармаға қамау керек пе?
Жалпы, жастардың әскери өмірге қызығушылығын арттыру үшін болашақ Отан қорғаушыларға қойылар қатаң талап пен темірдей тәртіпті жұмсартса, қалай болады? Өйткені, соңғы кезде сарбаздар арасындағы суицид, командирлер тарапынан орын алатын әлімжеттік пен ақша жинау деректері көбеймесе, азаятын емес. Оны естіген жастардың да, ата-аналардың да төбе шашы тік тұрары хақ. Ендеше, әскери-патриоттық құндылықтарды насихаттау үшін не істеу керек? Мүмкін әскерге барғысы келмейтіндерді көшеден ұстап алып, күштеп казармаға қамау керек шығар?
Айтпақшы, әскери сала қызметкерлеріне деген мемлекет тарапынан жасалып жатқан жеңілдік пен қамқорлық жылдан-жылға артып келеді. Айталық, Атырауда оларға жалақыдан бөлек үй жалдауға 45 мың теңгеден бастап жәрдемақы төленеді. Сондай-ақ, әр отбасы мүшесіне тегін медициналық көмек көрсетіледі. Сол сияқты, әскерилердің балалары кезексіз балабақшаға орналаса алады.
Апта сайын ата-анамен тілдеседі
Ал, жергілікті жерлердегі әскери бөлімдердің ахуалы нешік? Мұнда қанша сарбаз Отан алдындағы міндетін атқарып жатыр? Олардың тарапынан қандайма бір арыз-шағым бар ма? Осы және өзге де сауалдардың жауабын білмек болып біз №5546 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі басшысының аға көмекшісі Ноғайбай Сапарғалиевпен жолықтық. Оның жауаптары бізді қатты таңқалдырды!
Тобықтай түйін
Иә, бүгінде рухани құндылықтардың орнын материалдық игіліктер басты. Бұрын ер азаматтар елін қорғауға дайын болу үшін әскерге баратын болса, қазіргілер тек баспаналы болып, несиені жабуды ғана ойлайды. Яғни, мемлекет жағдайларын жасап берсе, әскери борышын өтеп келуі де әбден мүмкін деген сөз ғой...
Бұлай жалғаса берсе, балаларын әскерге беруге түбегейлі қарсы ата-аналар бір күні наразылық шеруіне шығуы мүмкін ғой. Себебі, олардың дені жаңалықтарды ресми ақпарат көздерінен емес, әлеуметтік желіден оқып отыр. Ал, онда жалған ақпарат желдей есіп жүр. Журналистермен жағаласып жүрген блогерлер «жерден жеті қоян тапқан» жазбалары үшін заң алдында жауап бермейтіндерін біліп, ауыздарына келгенін айтуда. Олар егер бір сарбаз түшкірсе, «ауырып қалды», ал, шын мәнінде ауыра қалса, «өлім ауызында жатыр» деп бояуын арттырып жар салады. Сондықтан алыпқашпа әңгімелерден бойды аулақ ұстап, әр ата-ана ержеткен балаларын әскерге жібергені жөн-ақ.
Мерей ҚАНАТҰЛЫ, Нұржау ауылының тұрғыны:
– Мен әзірге «дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білім алып жатырмын. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде студенттерге арнап әскери кафедра ашылған. Мен де сол жерде әскери дайындықтан өтіп жатырмын. Оны аяқтаған соң, «аға лейтенант» шенін алып шығамын. Бұл – мен үшін зор мақтаныш. Өйткені, әскери салаға бала кезімнен қызығатынмын.
Осылайша, еретң оқуымды бітіріп, мектепте сабақ беретін кезде жастарға тек дене тәрбиесін ғана емес, патриоттық тәрибе беруге де дайын болғым келеді. Себебі, соңғы уақытта мектепке ер мінезі жетіспей жатқаны ащы да болса шындық. Мен болашақта осы олқылықтың орнын толтырсам деймін.