RSS лента

Көптеген жастардың денсаулығы әскерге жарамсыз...

  • 09.08.2023, 19:34,
  • 396
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Отан алдындағы әскери борышын өтеу – әрбір ер-азаматтың қасиетті парызы болса керек. Бүгінгідей халықаралық жағдай шиеленісіп, қауіпсіздік мәселесі алдыңғы шепке шыққан тұста бұл мәселе өзінің маңызын арттыра түседі, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

 


Подполковник Берік Омарқұлдың "Atyray" газетіне берген сұхбатында да осындай маңызды мәселелер әңгіме өзегіне айналды.


– Берік Асанұлы, бүгінде жастардың əскерге баруға деген ұмтылысын қалай бағалар едіңіз?

 

– Бір кездері əскерге бару да, келу де үлкен оқиға болып саналатын еді. Ал, бүгінде əскерге бару азаматтық міндеттен бұрын қажеттілікке айналып бара жатқандай əсер қалдырады. «Бейбітшілікке ұмтылсаң, алдымен əскеріңді күшейт» дегендей, əскерге бару – кəмелеттік жасқа толған əрбір ер ұланның Отан алдындағы азаматтық борышы. Иə, осыдан бірнеше жыл бұрын əскерден жалтару деген мəселелер кездесті. Қазір, керісінше, шақыру келсе, əскерге баруға құлшынып тұратын жастар көбейіп келеді. Оның себебі де бар. Б ы л т ы р м е м л е к е т б а с ш ы с ы халыққа Жол да уында жастарды ынталандыру керектігін айтқан болатын. Сол тапсырма аясында қазір əскерге бар ған бозбалаға бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Соның бірі – мерзімді əскери қыз мет шілер үшін жоғары оқу орын дарына түсуге жеңілдік бар. Жобаны іске асыру үшін қазірдің өзінде еліміздің алпыс тан аса жоғары оқу орн ымен меморандумға қол қойылды. Бұған қоса биылдан бас тап əскерге барып келген азаматтар Ұлттық бірыңғай тест тапсырмай-ақ жоғары оқу орнын да тегін білім алады. Оларға мем лекет тарапынан үш мың гран т бөлінген. Сарбаздар Отан алдын да ғы борышын өтеген соң екі жыл ішінде жоғары оқу орнына өтініш бере алады. Ал, «40 күндік əскер» аталатын курс қа 24 пен 27 жас аралығындағы əс керге жарамды, денсаулығына байланысты жарамдылығы шек телген жəне шақырылуы ше ге ріл ген жастар қатыса алады.

 

– Жалпы əскерге шақыру науқаны мен əскерге шақыру комиссиясының жұмысында қандай жаңашылдықтар бар?

 

– Бұл ретте 2 жаңа қызмет көрсету түрі – бұлар əскерге шақыруды кейінге қалдыру жəне əскерге шақырудан босату мемлекеттік қызмет көрсету т ү р л е р і е н г і з і л д і . Қ а з і р ү й д е н шықпай-ақ, электрондық үкімет порталы арқылы өтініш білдіруге б о л а д ы . « Ə с к е р и қ ы з м е т ж ə н е əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» заңның 35 жəне 36 баптарын негізге ала отырып, əскерге шақыру кейінге қалдырылады немесе одан босатылады.

 

– Əскерге барудан бұрын бозбала медкомиссиядан өтетіні белгілі. Бүгінгі жастардың денсаулығына байланысты не айтар едіңіз?

 

– Биылғы көктемгі əскерге шақыру науқанында қала бойынша 300- ден аса жас іріктеліп, бұл жұмыс күзде де жалғасады. Жасыратыны ж о қ , қ а з і р г і ə с к е р ж а с ы н д а ғ ы а з а м а т т а р д ы ң д е н с а у л ы ғ ы н д а кінəрат көп. Қазіргі талап бойынша ж а с т а р 1 2 т ү р л і м е д и ц и н а л ы қ тексерістен өтуге міндетті. Олардың арасында терапиялық, хирургиялық, неврологиялық сырқаттардың белгісі жəне омыртқа майысуы, үшінші дəрежелі майтабан дерті, əсіресе, көз жанарының əлсіздігі жиі кездеседі. Ж а с т а р д ы ң м ұ н д а й с ы р қ а т түрлеріне шалдығуының басты с е б е б і – о л а р д ы ң с п о р т п е н шұғылданбайтындығы. Сонымен б і р г е т а б и ғ а т а я с ы н д а д е м а л у , с а л а у а т т ы ө м і р с а л т ы н ұ с т а н у дағдысының қалыптаспауы да əсер етеді. Медкомиссия көз дəрігері «əлеуметтік желінің кең таралуы, күні-түні телефонға телміру жастардың көз жанарының əлсіреуіне əкеледі» дейді. Табиғи, құнарлы тағамды тұтынбау жəне дене шынықтырумен жүйелі шұғылданбау да қан қысымы, семіздік, майтабан ауруларының өршуіне себепші екен.

 

– Ал, міндеттен жалтаратындарға қан дай жауапкершілік бар?

 

– О л а р ғ а м е д и ц и н а л ы қ комиссиядан өтуге келмегені үшін 5 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Ə с к е р и қ ы з м е т т е н ж а л т а р ғ а н ы үшін 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да бар. Ал, комиссиядан өтіп, пойызға отыратын кезде қашып кетсе, 3 жылға дейін бас бостандығынан айы рылады. Болмаса 1000-3000 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қашып жүргендерден бөлек, қазір шақыру қағазын қолына беру мүмкіндігі жоқ болып отыр. Ата-анаға егер балаларын біліп отырып жасыратын болса, ол үшін д е қ ы л м ы с т ы қ ж а у а п к е р ш і л і к қарастырылған.

 

– Əңгімені əскери-патриоттық тəрбие беру ісіне бұрайық...

 

– Əрине, өскелең ұрпақтың əскери-патриоттық рухын көтеруге баса мəн беру қажет. Президент тапсырмасына сəйкес, еліміздің түкпір-түкпірінде əскери-патриоттық тəрбиені дамытуға байланысты түрлі іс-шаралар мен жиындар өткізіліп жатыр. М е н і ң ш е , п а т р и о т и з м а д а м б о й ы н д а ө з д і г і н е н қ а л ы п т а с а қоймайды. Бұл қасиетті қалыптастыру үшін біріншіден, тарихыңды, тіліңді, атадан балаға жалғасып келе жатқан салт-дəстүріңді, əдет-ғұрпыңды білген жөн. Зерделей білсек, мұның бəрі бізді патриотизмге баулиды. Осы орайда мектептерден бастап жоғары оқу орындарында əртүрлі əскери-патриоттық іс-шаралар өткіземіз. А л ғ а ш қ ы ə с к е р и д а й ы н д ы қ п ə н і н і ң м ұ ғ а л і м д е р і д е о қ у бағдарламасына сай əскердің мəнмаңызын түсіндіреді. Əскери сала ардагерлерін жастармен кездестіріп, ақыл- өсиетін тыңдатып, бағыт-бағдар беру жұмыстары да күн тəртібінен түспейді. Ал, республика бойынша жұмыс жасайтын «Жас сарбаз» клубтары біздің өңірде де белсенділік танытып, жасөспірімдерді мектеп қабырғасынан бастап Отан қорғау ісіне баулып жатыр. Олар жасөспірімдерге əскери-патриоттық тəрбие беріп, əскери рухтың патриотизмнен басталатынын санаға сіңіріп келеді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости