Өткенге көз жүгіртсек, мұндай жылы қыс араға жарты ғасыр салып қайталанып отыр екен. Осы орайда, біз «Қазгидрометтің» жетекші инженері Айна Қазғұловамен байланысып көрген едік. Оның айтуынша, қазір тұманның орташа ұзақтығы 26 сағатты құрап отыр. Демек...
«Қазір скандинавиялық циклон әсерінен салқын ауа райы қалыптасып отыр. Сол сияқты, фронтальды бөліктердің өтуінен жауын-шашынды тұрақсыз ауа райы байқалуда. Солтүстік аумақтарда ауа температурасы кейде 25 градусқа төмендейтіні болжалуда» дейді ол.
Бірақ, бұл бұрынғы жылдардағы қыстың салқынымен салыстыруға келмейді. Әрине, қыстың жылы болуы пайдалы да болар. Мәселен, жылуға жұмсалатын шығындар азайып, көшеде көктайғақ болмайды дегендей. Алайда, мамандар мұның экожүйеге теріс әсер етуі мүмкін екенін айтады.
«Бұрын қыс өте салқын болушы еді. Сол кезде жұқпалы аурулар да аз болатын. Қазір қыс өте жылы өтеді. Есесіне, адамдар арасында аурудың небір түрі көбейді. Меніңше, жылы ауада жұқпалы ауруды қоздыратын вирустар өлмейтін секілді. Оның үстіне, экология онсыз да нашар екені белгілі ғой» дейді зейнеткер Сәуле Шайхиева.