«Қазгидромет» болжамы бойынша алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, желдің күшеюі, көктайғақ, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде бұрқасын күтіледі. Қазақстан бойынша кей жерлерде тұман болады» делінген хабарламада.
Батыста ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 3-15 градус жылы болады.
Солтүстікте түнде ауа температурасы +7 градустан -7 градусқа дейін төмендейді , күндіз 0 градустан 15 градусқа дейін өзгереді.
Қазақстанның орталығында түнде ауа температурасы +5 градустан -7 градусқа дейін төмендейді, күндіз 2 градустан 16 градусқа дейін жылынады.
Шығыста түнде -3 градустан +7 градусқа дейін төмендейді, күндіз 0 градустан 18 градусқа дейін жылы болады.
Оңтүстікте түнде -1 градустан +7 градусқа дейін, күндіз 8 градустан 22 градусқа дейін аздап төмендейді.
Оңтүстік-шығыста түнде -1 градустан +7 градусқа дейін, күндіз 7 градустан 15 градусқа дейін жылынады.