Термометр тілі 40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен найзағай ойнап, жел күшеймек. Ал, оңтүстік өңірлердің жекелеген аудандарында құмды дауыл күтілуде. Мұны метеоролог мамандар мәлімдеп отыр.
«Батыста, солтүстік-батыста күндіз 30-40 градусқа дейін, солтүстікте – 30-35 градусқа дейін, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыста – 25-38 градусқа дейін, оңтүстікте – 35-40 градусқа дейін ауа температурасы көтеріледі деп күтіледі» делінген ресми хабарламада.