«Індетті жұқтыру деңгейі осы жылдың наурыз айының соңында көп тіркелуі мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың жағдайға дейін күтілуде, ал төсек қорының барынша қамтылуы 24 мыңға дейін жетуі мүмкін. Дегенмен, аталған сценарий кезінде қатаң карантин талаптарын енгізу жоспарланып отырған жоқ» деді министр Үкімет отырысында.