«Қатаң шектеу шараларын енгізу басталғаннан бері бірнеше көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізілді. Сырқаттанушылықтың тәуліктік өсімі 0,5% - ға дейін төмендеді. Тіркелген CОVID-19 жағдайларының жалпы санының 77% - дан астамы емделіп, күнделікті өмірге оралды (78 633 адам). КВИ-дің берілу қарқындылығын сипаттайтын көрсеткіштің тұрақты төмендеу үрдісі байқалады. Осылайша, инфекцияның репродуктивті көрсеткіші 2,2 есе (1,72-ден 0,78-ге дейін) төмендеді», - деді ол ОКҚ-де өткен брифингте.
Бұдан бөлек, оның сөзінше, төсек-орындармен қамтамасыз ету 64% - ға төмендегені де байқалады. Біз бұған дейін жазғандай, 17 тамызда Қазақстанда карантинді біртіндеп алу жоспарлануда.
Еске сала кетсек, соңғы 14 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның ПТР-оң нәтижесімен 101 мың 848 жағдайы тіркелді, бір тәулікте 476 жаңа жағдай тіркелді. Коронавирустық инфекцияның ПТР-теріс нәтижесімен 16 666 жағдайы тіркелді, оның ішінде соңғы тәулікте - 934 жағдай.