«Коинфекция болу қаупі жоққа шығарылмайды, яғни бір кезде екі немесе үш вирусты жұқтыру жайы. Сонымен қатар, 2020-21 жылдары шетелдерде тіркелген тұмау вирусының үш жаңа штаммы бойынша ауру күтілуде. COVID-19 пандемиясы кезіндегі тұмау мен ЖРВИ-дің белсенділік танытуы, әрине ол эпидемиялық жағдайдың күрт нашарлауына әкеліп соғуы мүмкін. Зертханалардың жүктемесі артып, микс инфекция ПТР-тест индикаторларын анықтауда қиындықтар туғызуы ықтимал. Әсіресе, аралас инфекциялар кезінде, ауруханаларға шамадан тыс ауыртпалық артып, дәрі-дәрмектерге сұраныс жоғарылап, ауруханаға жатқызуды қажет ететін науқастардың саны өсіп, соның ішінде жан сақтау бөліміне, әрине ауыр формалардың, критикалық формалардың өлім-жітімінің көбеюі ықтимал, – деді профессор өзі жариялаған ықтимал сценарий болжамында.
Жыл сайынғы шығын тек тұмау мен ЖРВИ кезінде 20 миллиард теңгені құрайды. Екпені Қазақстан Республикасы есебінен жүргізіледі, бірақ, өкінішке орай, оның қамту деңгейі төмен болып қалады, халықтың шамамен – 10-12% -ы ғана. Бұл халықтың негізгі бөлігінде тұмаудың жұқтыру қаупі жоғары екендігін көрсетеді. Тұмау емес вирустарға қарсы вакциналар жоқ, оны өздеріңіз білесіздер» деді жұқпалы аурулар жөніндегі маман Амангүл Дүйсенова.